ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕКТЕП · АЛМАТЫ

ШЫҒАРМАШЫЛ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН МЕКТЕП

Академиялық білім мен шығармашылық — біртұтас білім беру ортасында

6–11 СЫНЫПТАР
6–11сыныптар
20шығармашылық пән
20-ға дейінсыныптағы оқушы саны
2024мектептің құрылған жылы
SHAM мектебінің негізін қалаушы Қуаныш Бейсек
Қуаныш Бейсек · Мектептің негізін қалаушы
SHAM ТАРИХЫ

Біз кімбіз?

SHAM — Қазақстандағы шығармашыл балаларға арналған алғашқы жекеменшік мектеп.

Мұнда өнерге деген сүйіспеншілік болашақ мамандыққа жол ашады, ал баланың таланты берік академиялық біліммен ұштасады.

Мектепті 2024 жылы режиссер әрі продюсер Қуаныш Бейсек құрды. Қазақстан киноиндустриясында мол тәжірибе жинаған ол маңызды мәселені байқады: еліміздегі дарынды балалардың жалпы білім алумен қатар шығармашылық қабілетін жүйелі дамытуына мүмкіндік беретін орта жетіспейді.

Мектептің тарихы Қуаныштың «Кел, балалар, оқылық!» әлеуметтік жобасынан басталды. Бұл жоба өңірлердегі балаларға режиссура, түсірілім және анимация әлемін танытты. Кейін бастама онлайн оқытуға арналған Sham.mobile бокстары форматына ұласып, жас ұрпақтың шығармашылыққа қызығушылығы мен әлеуетінің зор екенін көрсетті.

Осылайша толыққанды шығармашылық мектеп ашу идеясы туды. SHAM құрылтайшылардың жеке инвестициялары есебінен ашылды. Оған көпшілікке танылған «Дәстүр» фильмінің кассалық түсімінен бөлінген қаражат та жұмсалды. Бұл — Қазақстанның креативті индустриясының болашағына қосылған үлес.

SHAM КОМАНДАСЫ

Құрылтайшылар

SHAM мектебінің төрт құрылтайшысы

Әлібек Құлбатыр

Qalam School

«Біздің миссиямыз және мақсатымыз — оқушының бойындағы отын өшірмей, әр баланың ерекшелігін ескере отырып оның ішкі әлеуеті мен мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасау.»

Жұлдызай Мусаева

JUZ40

«Білім беру тек нәтиже мен балға емес, қолдау мен сенімге де тікелей байланысты.»

Қуаныш Бейсек

Tartaria Films

«Мен «Кел, балалар, оқылық!» сияқты жобаларға бүкіл өмірімді арнауға дайынмын. Біз балалардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында еліміздің өңірлері мен ауылдарын араладық. Дәл осы тәжірибе менің мектебімнің негізі болды»

Улугбек Шарипов

Shoqan Suits

«Біз баланың әлеуетін ашуға бағытталған көптеген жүйелі білім беру үдерістерін жүзеге асырамыз. Олардың барлығы біртұтас нәтижеге жетелейді».
Өзіңді тануға мүмкіндік беретін білім

Білім мен
шығармашылық тоғысқан орта

SHAM-да академиялық бағдарлама мен шығармашылық пәндер бірін-бірі толықтырады. Бала білім алып, өз ойын жеткізудің жолдарын табады.

01 / БІЛІМ

Берік негіз

Мектебімізде оқыту қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай жүргізіліп, академиялық бағдарлама, міндетті пәндер және БЖБ/ТЖБ арқылы сапалы әрі жүйелі білім негізі қаланады.

02 / ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

Идеядан дайын жобаға дейін

Кино, өнер және цифрлық шығармашылық — оқушылар режиссураны, операторлық шеберлікті, анимацияны және басқа да шығармашылық бағыттарды меңгеретін толыққанды оқу пәндері. Оқу теория мен тәжірибені ұштастырады: оқушылар кәсіби жабдықтармен жұмыс істеп, өз жобаларын жасайды және салада жұмыс істейтін мамандардың жетекшілігімен бейнебаяндар, қысқаметражды фильмдер мен коммерциялық жобалар түсіруге қатысады.

03 / ТӘРБИЕ

Менторлық жүйе

SHAM-дағы менторлық — әр оқушыға мектептегі оқу кезеңінде жеке қолдау көрсету. Ментор баламен әңгімелесіп, ортақ істерге қатысып, бірге мақсат қояды. Осы арқылы оқушының өзін жақсырақ тануына, қабілетін дамытуына және мектеп ортасында өз орнын табуына көмектеседі.

Ментор ата-анамен және сынып жетекшісімен тұрақты байланыста болады. Олар баланың жан-жақты дамуы мен өзін жайлы сезінуі үшін бірлесе жұмыс істейді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Қызығушылықтан жеке жобаға дейін

Әр бағыттағы пәндер мен олардың қай сыныптарға арналғанын көру үшін тиісті бөлімді ашыңыз. Шығармашылық пәндер оқу бағдарламасына кіреді.

Режиссура
  • Режиссура негіздері6–7 сыныптар
  • Кино және телевизия режиссурасы8–11 сыныптар
Сценарий өнері
  • Сценарий өнері · Creative writing6–8 сыныптар
  • Сценарий өнері9–11 сыныптар
Кино, өнер және музыка
  • Орталық Азия киносының тарихы10–11 сыныптар
  • Кино тарихы8–11 сыныптар
  • Жанр тарихы6–7 сыныптар
  • Шетел өнерінің тарихы9–11 сыныптар
  • Музыка өнерінің тарихы6–11 сыныптар
Түсірілім және монтаж
  • Операторлық өнер9–11 сыныптар
  • Мобилография6–8 сыныптар
  • Монтаж режиссурасы8–11 сыныптар
Бейнелеу өнері
  • Цифрлық иллюстрация6–9 сыныптар
  • Анимация6–10 сыныптар
  • Продакшн-дизайн10–11 сыныптар
Актерлік шеберлік және қозғалыс
  • Актерлік шеберлік6–9 сыныптар
  • Актерлік шеберлік10–11 сыныптар
  • Сахналық қозғалыс6–11 сыныптар
Продюсерлік
  • Продюсерлік10–11 сыныптар
  • Креативті продюсерлік10–11 сыныптар
Маркетинг және технологиялар
  • Практикалық digital-маркетинг7–8 сыныптар
  • Маркетинг6–11 сыныптар
  • Промпт-инжиниринг6–11 сыныптар

Оқытылатын пәндер тізімі сыныпқа қарай өзгереді.

SHAM ҰСТАЗДАРЫ

Өз саласының тәжірибелі мамандарынан үйреніңіз

Сабақтарды кино, өнер және шығармашылық индустрия мамандары жүргізеді.

Мектеп басшылығы

Анара Жунусова

Анара Жунусова

Мектеп директоры

ВГИК түлегі, В. Хотиненко шеберханасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған. Қазақстанның креативті индустриялар одағының мүшесі. Креативті бастамалардың менторы әрі сарапшысы. Unico Play, Salem Social Media студияларының бұрынғы бас продюсері және директоры.

Асель Сулейменова

Асель Сулейменова

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары · Қазақ тілі мен әдебиеті

І. Жансүгіров атындағы ЖМУ түлегі (2017). Педагог-зерттеуші, еңбек өтілі — 9 жыл. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту, БЖБ және ТЖБ құрастыру бойынша курстардан өткен.

Ерназар Қайратұлы

Ерназар Қайратұлы

Академиялық директор

Nazarbayev University-де білім беруді басқару саласы бойынша магистр дәрежесін алған (2019–2021). Оңтүстік Кореядағы KAIST университетінің электротехника бакалавры (2012–2017). Жасанды интеллект саласында зерттеулер жүргізген.

Qalam High School академиялық директоры (мамыр — қараша 2026), IEC халықаралық бағдарламалар және аккредиттеу үйлестірушісі (2025–2026), SDU University әлеуметтік-әдістемелік орталығының директоры (ақпан — тамыз 2025).

Олимпиадалық физика жаттықтырушысы (2017–2021), «Білім-Инновация» лицейлерінің мұғалімдері мен тәлімгерлеріне арналған әдістемелік құралдардың тең авторы (2021). Республикалық жас педагогтер байқауының және мұғалімдер арасындағы Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы (2018). Білім министрінің алғыс хатымен марапатталған.

Оксана Черкашина

Оксана Черкашина

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Балалармен, жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істеуде 31 жылдық тәжірибесі бар педагог, психолог және әдіскер. Шешендік өнер мен сахна тілінің оқытушысы. Балалар нейропсихологиясы бойынша кәсіби қайта даярлаудан өткен. Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі.

Режиссура

Айдын Сахаман

Айдын Сахаман

Кино және телевизия режиссурасы

11 сынып

Кинорежиссер, сценарист, режиссура саласындағы PhD. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ВГИК (В. Хотиненко шеберханасы) және Анджей Вайда мектебінің түлегі. «Дос-Мұқасан», «Упертый», «Той любой ценой», «Болмаған балалық шақ» фильмдерінің режиссері.

Аян Найзабеков

Аян Найзабеков

Кино және телевизия режиссурасы

8–11 сыныптар

«Шабыт» ҚазҰӨУ түлегі. «Охота на розового зайца», «Няня 2», «С любовью, аферист» фильмдерінің режиссері. Халықаралық және жергілікті фестивальдердің жүлдегері, «Тұран» университетінің оқытушысы.

Модияр Абдукадыров

Модияр Абдукадыров

Режиссура негіздері

6–7 сыныптар

New York Film Academy (NYFA) түлегі. «111», «Алғашқы махаббат», «Королева двора» фильмдерінің режиссері.

Сценарий өнері

Маржан Хайдар

Маржан Хайдар

Сценарий өнері

6–8 сыныптар

NYFA түлегі әрі Алматыдағы NYFA оқытушысы. «Forever 29» режиссері, «Казахские страшные сказки» жобасының бірлескен авторы, «Жабайы» креативті продюсері және «Капитан Байтасов» фильмінің атқарушы продюсері.

Майя Искакова

Майя Искакова

Сценарий өнері

9–11 сыныптар

ВГИК түлегі, В. Абдрашитов шеберханасы. «240 часов», «Көрші», «Няня», «Қашан туасың» жобаларының креативті продюсері әрі сценарисі.

Кино, өнер және музыка

Алуа Адил

Алуа Адил

Шетел өнерінің тарихы

9–11 сыныптар

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлегі, докторант. «ӨНЕР» зерттеу орталығында өнер тарихы мен дәстүрлі қазақ киіміне арналған оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми жарияланымдардың авторы.

Ораз Керейбаев

Ораз Керейбаев

Кино тарихы

8–11 сыныптар

Eötvös Loránd University кинотану магистрі. Кинотанушы, киносыншы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығы мен FIPRESCI мүшесі. «Алтын глобус» сыйлығының дауыс беруші мүшесі. Freedom Media контент сатып алу бөлімінің бұрынғы басшысы.

Гульнара Абикеева

Гульнара Абикеева

Орталық Азия киносының тарихы

10–11 сыныптар

Өнертану докторы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті. Орталық Азия киносы туралы монографиялардың авторы. «Құрмет» және Францияның Өнер және әдебиет ордендерінің иегері.

Данияр Бержапраков

Данияр Бержапраков

Музыка өнерінің тарихы

6–11 сыныптар

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі әрі оқытушысы. Композитор, музыкатанушы, аранжирлеуші, өнертану магистрі. Maestro Talk негізін қалаушы, «Қауымдастық» композиторлар бірлестігінің мүшесі. «Дарын» сыйлығының иегері.

Фариза Танай

Фариза Танай

Жанр тарихы

6–7 сыныптар

Режиссер, PhD, халықаралық кинофестивальдер лауреаты. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен New York Film Academy-де білім алған, Мармара университетінде PhD дәрежесін алған. «Туркоязычные экраны» кітабының тең авторы, AlmaU оқытушысы.

Түсірілім және монтаж

Сардар Баймолдин

Сардар Баймолдин

Операторлық өнер

9–11 сыныптар

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлегі. Kaspi, TicTac, Rexona, Coca-Cola, Barni, A’SU жарнамаларының және Ирина Кайратовна, Dequine, Shiza, M’dee бейнебаяндарының қоюшы операторы. «Welcome to USA», «Аул house» фильмдері мен «Асау» сериалының операторы.

Марианна Лукпанова

Марианна Лукпанова

Мобилография

6–8 сыныптар

ҚазҰУ түлегі, білім беру курстарының спикері. Truwer, CAPTOWN, Dequine, ASIYA сияқты әртістермен және медиаблогерлермен, сондай-ақ Samsung, Porsche, Aviasales, Coca-Cola және Tele2 брендтерімен жұмыс істейді.

Біржан Қайырбек

Біржан Қайырбек

Монтаж режиссурасы

8–9 сыныптар

Сәулет университетінің түлегі. A’SU, Freedom Insurance, Arbuz.kz, Exeed, Binance, Hyundai, Chevrolet жарнамаларының режиссері әрі креативті продюсері. Auru, Dastur 2, Irinka, Ushiro промокампанияларын жасаған The Pact Production компаниясының тең құрылтайшысы.

Сабина Туреханова

Монтаж режиссурасы

10–11 сыныптар

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ны көркем фильм режиссурасы мамандығы бойынша бітірген. Бес жылдық тәжірибесі бар монтаж режиссері: «Приговор», «Кенжем қайда?», «Малай», «Игроманка», Qarga. Salem Social Media, Unico Play және Freedom Media компанияларымен жұмыс істеген.

Бейнелеу өнері

Арай Кисабаева

Арай Кисабаева

Қоюшы суретші өнері

10–11 сыныптар

Қ. Сәтбаев атындағы политехникалық университеттің түлегі. Музыкалық бейнебаяндар, жарнамалар, подкасттар мен сериалдардың қоюшы суретшісі. Портфолиосында 100-ден астам жоба бар.

Айнур Малаева

Айнур Малаева

Цифрлық иллюстрация

6–9 сыныптар

Бейнелеу өнері және сызу саласындағы педагогика ғылымдарының магистрі. Аға оқытушы, он жылдық тәжірибесі бар кәсіби суретші-иллюстратор әрі дизайнер.

Рената Миргалиева

Рената Миргалиева

Визуалды сторителлинг

6–10 сыныптар

«Шабыт» ҚазҰӨУ түлегі. Аниматор әрі режиссер, Cannes Short Film Festival, ММКФ, Baiqonyr, Amen, Tashkent IAF халықаралық анимациялық фестивальдерінің жүлдегері және қатысушысы.

Линара Миргалиева

Линара Миргалиева

Анимация

6–10 сыныптар

Аниматор әрі режиссер. Baiqonyr, Amen және Tashkent IAF халықаралық фестивальдерінің қатысушысы.

Актерлік шеберлік және қозғалыс

Ербол Төлепберген

Ербол Төлепберген

Сахналық қозғалыс

6–11 сыныптар

Ғылым докторы, педагог, сахна пластикасы өнеріне арналған оқу құралдарының авторы. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мерейтойлық естелік медалімен марапатталған.

Продюсерлік

Қуаныш Бейсек

Қуаныш Бейсек

Креативті продюсерлік

10–11 сыныптар

SHAM School негізін қалаушы, Tartaria Films бас продюсері. «Дәстүр», «7 қарақшы», «Отыздан асып барамын» режиссері. «Ауру», «Дәстүр 2», «Интернат» продюсері. «Қазақфильм» АҚ президентінің бұрынғы кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі. Креативті бастамалардың менторы әрі сарапшысы.

Мадина Шинбекова

Мадина Шинбекова

Продюсерлік

10–11 сыныптар

AlmaU түлегі. «Бикеш», «Бегущая к свету», «Сен BOSSың», «Жезтырнақ» жобаларының продюсері әрі жоба жетекшісі.

Маркетинг және ЖИ

Алия Муратбекова

Алия Муратбекова

Практикалық digital-маркетинг

7–8 сыныптар

Digital-продюсер. Пусандағы Asia Contents Awards & Global OTT Awards сыйлығына ұсынылған «Чёрный двор» сериалы мен «Приговор» фильмін ілгерілетуге қатысқан.

Адиль Агубаев

Промпт-инжиниринг

6–11 сыныптар

EyraLab AI-студиясының негізін қалаушы әрі арт-директоры. Halyk, BAZIS-A, Moreart және басқа брендтермен жұмыс істеген. 100 млн-нан астам тыңдалымы бар жобалардың ән авторы әрі бірлескен продюсері. ЖИ көмегімен режиссура жасау бойынша жеке тәлімгерлік жүргізеді.

Аида Ермекбаева

Аида Ермекбаева

Маркетинг

6–11 сыныптар

ММУ түлегі. «Чёрный двор», «5:32», «Саке», Sheker сериалдары мен киножобаларының digital-продюсері. Unico Play онлайн-кинотеатрының ішкі маркетинг командасын басқарады.

SHAM МҰҒАЛІМДЕРІ

Академиялық пән мұғалімдері

Тілдер, нақты және жаратылыстану ғылымдары бойынша берік білім негізін қалыптастыратын педагогтер.

Нурила Азирбай

Нурила Азирбай

Тарих

ҚазҰПУ түлегі (2025). Педагогикалық өтілі — 1 жыл. Тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі бойынша біліктілігін арттырған.

Назерке Шегебай

Назерке Шегебай

Қазақ тілі мен әдебиеті

ҚазҰПУ түлегі (2017). Магистр, педагог-сарапшы. Педагогикалық өтілі — 8 жыл. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі бойынша біліктілігін арттырған.

Нұрайым Бақытжанқызы

Нұрайым Бақытжанқызы

География

ҚазҰПУ түлегі (2025). НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының «Жас педагог мектебі: жетістікке қадам» атты 80 сағаттық бағдарламасынан өткен.

Даниял Исатаев

Даниял Исатаев

Ағылшын тілі · Кәсіптік бағдар беру

БҚУ түлегі (2024), мамандығы — екі шет тілі. Педагогикалық өтілі — 1 жыл. Ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі бойынша біліктілігін арттырған.

Бекзат Жұмабай

Бекзат Жұмабай

Физика

Тараз университетінің түлегі (2025). Педагогикалық өтілі — 1 жыл. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ береді.

Руфина Абузярова

Руфина Абузярова

Орыс тілі мен әдебиеті

ҚазҰПУ түлегі (2021–2025), мамандығы — орыс тілі мен әдебиеті. Педагог, орыс тілінде сабақ береді.

Арайлым Мәсуадин

Арайлым Мәсуадин

Биология

SDU және ҚазҰУ түлегі. Магистр, педагог-модератор. Педагогикалық өтілі — 5 жыл. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ береді.

Байжан Исмаилов

Байжан Исмаилов

Ағылшын тілі

SDU түлегі (2023), мамандығы — екі шет тілі. Магистр. НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының «Жас педагог мектебі: жетістікке қадам» бағдарламасынан өткен.

Аяулым Кадылбекова

Аяулым Кадылбекова

Химия

Магистр, ҚазҰУ-дың «Химия» мамандығы бойынша түлегі (бакалавриат — 2013–2018, магистратура — 2018–2020). Педагогикалық еңбек өтілі — 4 жыл 11 ай. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ береді. Химия мен жаратылыстануды тиімді оқыту, білім беруде ЖИ қолдану және буллингтің алдын алу курстарынан өткен.

Әйгерім Тұрымбетова

Әйгерім Тұрымбетова

Математика

Магистр, педагогикалық еңбек өтілі — 4 жыл 8 ай. Білімі: ОҚМПИ (2009–2013), АӘИУ (2013–2015), мамандығы — математика. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ береді. Математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқытуда ЖИ қолдану және буллингтің алдын алу курстарынан өткен.

МЕКТЕПТЕН КЕЙІНГІ ӨЗ ЖОЛЫҢ

2026 жылғы түлектер

Университеттер, алғашқы фильмдер және нақты тапсырыс берушілермен жұмыс. SHAM түлектерінің жетістік жолы.

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСТАРЫ

Киноға айналған
идеялар.

SHAM түлектерінің шоурилін тамашалаңыз: түрлі оқиғалар, жанрлар мен авторлық көзқарастар бір бейнеде тоғысады.

Шоурил · 3 мин 21 сек
Бейнені бөлек ашу ↗
Сати Мухан

Сати Мухан

  • UAL Foundation: art & design / graphic communication
  • Qara Forum жеңімпазы
  • Higgsfield AI компаниясында жұмыс істейді
Камила Кеней

Камила Кеней

  • Нью-Йорктегі School of Visual Arts оқу орнына түскен
  • БҰҰ мен Canon бірлесіп ұйымдастырған «Blind Football» байқауында 1-орын
  • Higgsfield AI компаниясынан ұсыныс алған
  • Delacure және Dzhanel бейнебаяндарының бірлескен режиссері
Арманжан Файзолла

Арманжан Файзолла

  • New York Film Academy оқу орнында оқиды
  • «Школьная выживалка» қысқаметражды фильмі
  • Moldanazar, Kunzharyq, Cactus.kk, Hatikoali, Bonapart, Lilii, De Lacure, Alpha, Plecto үшін музыкалық бейне-сниппеттердің режиссер-монтажері
  • «7 қарақшы» және «Бажа» фильмдеріне арналған VFX
Райымбек Насих

Райымбек Насих

  • «Жеті Қарақшы: Қалай түсірілді» деректі фильмінің авторы
  • The Madeniet бейнероликтерінің операторы
  • «Жеті Қарақшы», «Бүркітші», «Кесу» фильмдерінің операторы
  • OYU Fest, Beu Fest, Qunar Fest фестивальдерінің операторы
Мариам Изимбаева

Мариам Изимбаева

  • The.madeniet және Akira жобаларындағы режиссура
  • «Дәстүр 2» және «Интернат» фильмдерінің маркетингі
  • Irinka брендіне арналған жарнамалық бейнероликтер
Арай Ахашева

Арай Ахашева

  • The.madeniet жобаларындағы режиссура
  • Irinka брендіне арналған жарнамалық бейнероликтер
  • Kilemger және Delacure бейнебаяндарының бірлескен режиссері
Аянат Жиенғали

Аянат Жиенғали

  • New York Film Academy оқу орнынан оқуға шақырту алған
  • Gobelins Paris оқу орнының бір жылдық бағдарламасына түскен
  • «Путь домой» қысқаметражды анимациялық фильмі
  • «Қара Шаңырақ» жобасына арналған бастапқы анимация

Түлектердің жеке жетістіктері. Әр оқушының өз жолы бар.

Оқушылар үні

SHAM мектеп парламенті

SHAM SHUAGYПарламенттің Instagram парақшасы@sham.shuagy

Мектеп парламенті — әр оқушы бастама көтеріп, өз идеясын ұсынып, мектеп қауымдастығының дамуына үлес қоса алатын оқушылардың өзін-өзі басқару кеңістігі.

Парламент мектеп өмірін ұйымдастыруға қатысатын, өз жобаларын дамытатын және мектеп әкімшілігі алдында оқушылардың мүддесін білдіретін оқушыларды біріктіреді.

Оның құрамына медиаға, мәдени іс-шараларға, оқушылар мен мұғалімдер клубтарына, сондай-ақ мектеп бастамаларын үйлестіруге жауапты бағыттар кіреді.

Біз мектепті тек білім алатын орын емес, жауапкершілікті сезінуді, командада жұмыс істеуді, көшбасшылық танытуды және өз идеяларын жүзеге асыруды үйренетін орта деп білеміз.

Әлима РамазанМектеп президенті · 10 «А» сынып

Әлима Рамазан

Мектеп парламентін басқарады, оқушылардың бастамаларын үйлестіреді және іс-шаралар ұйымдастырады. Оқушылар мен әкімшілік арасындағы байланысты нығайтып, көшбасшылық қасиеттердің, ортақ жауапкершіліктің және тиімді өзара әрекеттестіктің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың идеяларын қолдап, оларды жүзеге асыруға көмектесу арқылы мектеп өмірін мазмұнды етуге ұмтылады.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Шабыт сыйлайтын кеңістік

Sham Pavilion және Sham Space — фотосуреттер мен бейнеэкскурсия арқылы мектеп кеңістіктерімен танысыңыз.

SHAM мектебіне бейнеэкскурсия

Sham Pavilion
Толығырақ

Мектептің түсірілім павильоны. Мұнда оқушылар кәсіби кино жабдықтарымен жұмыс істеп, шығармашылық идеяларын түсірілім алаңында жүзеге асырады.

Sham Space
Толығырақ

SHAM-ның шығармашылық кеңістігі. Оны жақынырақ көру үшін фотосуретті үлкейтіңіз немесе мектептің бейнеэкскурсиясын көріңіз.

SHAM ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Ата-аналар өз таңдауы туралы

Бес отбасы — бес бейнепікір. Ата-аналар SHAM-ды не үшін таңдағанын және мектеп туралы әсерлерін бөліседі.

Отбасы тарихы 1

Отбасы тарихы 2

Отбасы тарихы 3

Отбасы тарихы 4

Отбасы тарихы 5

Танысу алдында

Ата-аналарға
маңызды сұрақтар.

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?
Қабылдау комиссиясы WhatsApp арқылы жауап береді.

Сынақ күні шынымен тегін бе?

Иә, бір сынақ күні тегін. WhatsApp-қа жазыңыз: менеджер күнін келісіп, танысу бағдарламасы туралы айтып береді.

Қабылдау емтихандарын тапсыру керек пе?

Жалпы қабылдау кезінде емтихан да, конкурстық іріктеу де жоқ. Ата-ана мен бала мектеп директорымен, психологпен және шығармашылық бағыт жетекшісімен әңгімелеседі. Кездесуде баланың қызығушылықтары, оқудан не күтетіні және жаңа ортаға бейімделуі талқыланады.

Оқу жылының ортасында ауысуға бола ма?

Иә, қажетті сыныпта бос орын болса, ауысуға болады. SHAM 6–11 сыныптарға оқушылар қабылдайды. Бос орындар сынып пен оқу тіліне қарай жеке нақтыланады.

Оқу қай тілдерде жүргізіледі?

Әр параллельде қазақ және орыс сыныптары бар. Математика мен жаратылыстану пәндері, соның ішінде физика, химия және биология ағылшын тілінде оқытылады. Ауысу мен бейімделуге қатысты сұрақтарды танысу кезінде талқылауға болады.

Оқуға түсу үшін бейне түсіруді не сурет салуды білу міндетті ме?

Жалпы қабылдау үшін шығармашылық портфолио талап етілмейді. Дайын жұмыстары болса, бала танысу кезінде оларды көрсетіп, өз қызығушылықтары туралы айта алады.

Оқуға қабылдану үшін не істеу керек?

Мектеппен танысып, қажетті сыныпта бос орын бар-жоғын анықтаңыз және отбасыңызбен бірге шешім қабылдаңыз. Одан кейін менеджер құжаттар мен келісімшартты дайындауға, төлемді келісуге көмектеседі.

Асықпай танысу

SHAM-дағы бір күн.
Тегін.

Балаңызды SHAM-дағы бір сынақ күніне шақырамыз. Бұл оған жаңа мектептің өзіне сай келетінін түсінуге көмектеседі.

Сынақ күні ↗
01

Бізге жазыңыз

WhatsApp-та балаңыздың қай сыныпқа түсетінін және неге қызығатынын жазыңыз.

02

Күнін таңдаңыз

Менеджер сізбен күнін келісіп, мектеппен танысудың қалай өтетінін түсіндіреді.

03

SHAM өмірімен танысыңыз

Сынақ күнінен кейін балаңызбен әсерлерін талқылап, асықпай шешім қабылдаңыз.

Түсінікті шарттар

Оқу мен шығармашылыққа
қажеттінің бәрі.

480 000 ₸ / ай

Толық оқу жылына — 4 320 000 ₸.
Қабылдау жарнасы алынбайды.

Кеңес алуға жазылу ↗
  • Академиялық және шығармашылық бағдарлама
  • Күніне үш мезгіл тамақтану
  • Мектептің кино жабдықтарымен жұмыс
  • Менторлық және педагогтердің қолдауы
  • IELTS-ке дайындық
Танысуға келіңіз

SHAM-да
танысайық па?

Алматы, Қозыбаев көшесі, 23А.
Сынақ күніне қабылдау комиссиясы арқылы тіркеле аласыз.

Кеңес алуға жазылу ↗
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Біздің серіктестер

Кеңес алуға жазылу ↗Тегін сынақ күні ↗